Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жай-күйі тікелей Үкіметтің өз назарында болады. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына енген нысанды жөндеу жұмысына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шаралары да көрсетіледі. Бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барған Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Айта кетейік, кесенеде күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың тамыз айынан бастап жүргізіліп жатыр. Бүгінде ғылыми-реставрациялық жұмыс әлі жалғасуда. Қазіргі таңда ескерткіштің алдына сыртқы орта мен климаттық факторлардың әсерін өлшейтін датчиктер орнатылған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың асыл мұрасы. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтауға қатысты тапсырма берді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Кесененің жай-күйін ерекше бақылауда ұстау қажет».