Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII Халықаралық форумының аясында «Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан мен Франция елдері арасындағы стратегиялық байланыстың 15 жылдығына орайластырылған іс-шараға Францияның ЖОО ғалымдары, Қазақстан университеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚазҰУ РЕКТОРЫ «Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық жақсы дамып келе жатыр. Дегенмен екі жақты қатынасқа тың серпін беру керек деді. Франция Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты және сенімді серіктесі,ел экономикасының ірі инвесторының бірі деп атап өтті. Сондықтан бүгінгі форум жұмысы екі елдің білім-ғылым саласындағы нәтижелі жалғасы деп білеміз».
Бүгінгі таңда екі ел арасында білім және ғылым саласы бойынша әртүрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Франция еліне барып магистранттарымыз,докторанттарымыз тәжірибе алмасып қайтса, ҚазҰУ академиялық әріптестік шеңберінде Франциядан келген 5 студент білім алуда.
ЖӘМИЛА АЙТЖАНОВА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚазҰУ ҒЫЛЫМИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІСТЕРІ БОЙЫНША ПРОРЕКТОРЫ «Бұндай іс шаралардың барлығы Халықаралық деңгейімізді жоғарылатуға көмектеседі. Кәзір өздеріңіз білесіздер Халықаралық рейтинг деген бар. Сол рейтингте біздің Университетіміз 200 қатарда. Сол қатардан жоғарылауға осындай іс шаралардың көмегі өте зор. Бүгін қозғалатын тақырыптар ғылыми білім саласындағы қарым қатынастар,ядролық физика айналасындағы қарым қатынастар.