Қазақстандағы сот жүйесі саласы мүлдем сын көтермейді.Тіпті депутаттардың өзі сот қабылдауына жазыла алмай жүр. Мәселен, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сот қабылдауына бір жылдан аса уақыт бойы кіре алмай келе жатқанын тілге тиек етсе, келесі бір депутат халықтың сот шешіміне қатысты ашу-ызасы көп екенін айтты. Сонымен, сын айтылды. Ал, мәселе шешіле ме? Толығырақ мәжілістен тілші тарқатады.
Халықтың басым көпшілігі сот шешіміне наразы. Депутаттар салы суға кетіп, алдарына арыз арқалай келген халықты көзбен көргеннен кейін осындай ой түйіп отыр. Сондықтан, бүгін мәжілісте сот саласын жетілдіру туралы баяндама жасаған өз әріптестерінен енді жаңа өзгеріске сәйкес ел азаматтарының сотқа деген сенімі артып, шағымы азая ма деп сұрады.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл заң арқылы кассациялық қараудың алдында алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Дәл осы мәселе азаматтардың ашу ызасын тудыратын. Өйткені, Жоғарғы соттан әділеттілік таба алмаған азаматтар бізге, Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінді. Қазір мұндай азаматтар өте көп. Нақты сұрағым - осы заң қабылданнан кейін. Азаматтардың Жоғарғы сотқа шағымдары тоқтай ма, әлде жалғаса бере ме? Өйткені, шынын айту керек. Жеке билік тармағы болса да, бүгінгі таңда сот жүйесіне және ең негізгісі Жоғарғы соттың шешімдеріне халықтың ашу-ызасы өте көп. Өйткені соттың шешімдері көп жағдайда халыққа түсініксіз. Сондықтан біз әділеттілікті орнатымыз ба, әлде бұрынғыдай халықты әуреге сала береміз бе?»
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Жалпы бұл не үшін істеліп жатыр? Шын мәнінде біз неге азаматтардың наразылығына тап болдық деген сұрақ туындайды. 2016 жылы 5 сатылы сот төрелігінен 3 сатылы сот төрелігіне көшкен кезде кассация айтарлықтай қысқартылған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жалпы істің 5 пайызы ғана кассациялық сатыға жетіп отыр. Осы тұрғыда халықтың, азаматтардың көтеріп отырған мәселесі осы, қолжетімділік жоқ. Осы себептен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға толыққанды кассация сатысын ұсыну мәселесін көтеріп, жаппай кассацияға жіберу ұсынылып отыр. Әрі қарай жұмыс тобында мұны қолдап, талқылап жатырмыз».
Жоғары сот өкілінің айтуынша, арыз-шағым толық жойылмаса да, алда азаяды. Себебі, енді сот жүйесі барынша ашық әрі қолжетімді болады. Бірақ, сот процесі деген бір жақ жеңіліп, бір жақ жеңгеннен кейін, жеңілген тарап міндетті түрде шешіммен келіспейді, бәрібір арызданады дейді. Ал, депутат Ринат Зайытов болса бір жыл бойы соттың қабылдауына жазыла алмай жүр екен.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Соттың ашықтығына қатысты айтарым, менің өзім соттың қабылдауына жазыла алмағаныма бір жылдан асып кетті. Қабылдамайды, жабық. Кейбір соттардың өзінде сотталушылардың “менің сотым ашық өтсін” деген сөзін қабылдамайды. Осы орайда соттың ашықтығы мен Парламенттің ықпалдылығын арттыру мақсатында заңның аясында қандай да бір сабақтастық табуға бола ма? Ең болмаса жылына екі рет талқылауға ешкім есеп сұрап отырған жоқ. Өйткені, бізге сот бойынша өте көп шағым келеді. Ал регламент бойынша сот ісіне араласуға біздің қақымыз жоқ. Сонымен қатар сот шешімінің орындалуы тапқа қатты бөлінеді. Кейбір адамдардың шешімін бір-ақ күнде орындап тастайды. Ал қолында сот шешімі болса да жылдап орындата алмай жүргендер де бар. Осыны қалай жетілдіруге болады?».
Жаңа құжаттағы кассациялық сотты енгізу жүйесі алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерді жоюдың алдын алады деп жауаптылар қысқа қайырды. Айтпақшы, депуттар ұлттық құндылықты «келеке» етіп, қазақтың ұлттық киімін мазаққа айналдырғандарға ашулы. Оларды заңмен тыю керек дейді.
САМАТ МҰСАБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Күні кеше оюлаған киіз үйде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаштанып ойқастаған үшеудің әлеуметтік желіні шарлаған бейнеролигі исі қазақтың ашу-ызасын тудырып отыр. Халықтың бұған наразылығы әбден орынды. Ең аяулы дүниеңді аяққа таптаса, ұлттық киіммен жалаңаштанса, төріңде әуретін ашып тайраңдаса, бұл бүкіл ұтты, дені қазақ, рухы биік елімізді қорлаумен пара-пар. Ең сорақысы – әлгі жын-ойнақтаған үш ұзынның ортадағы “сирақты примасы” қызтеке екен. Тал түсте төрімізде тайраңдағаны – нағыз басынғандық. Олар бүгін төрімізде тайраңдаса, ертең төбемізде ойнамасына кім кепіл?! Сондықтан бұған көз жұмып қарап, жай қалдыра салуға болмайды. құқық қорғау органдары бейнеролик кейіпкерлерін, оларды ұйымдастырушыларды, түсіру тобын, идея авторларын тауып, заңға сәйкес қатаң жазалау қажет деп санаймыз. Бұдан былай ұлттық құндылықтарымыз – домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді асыл жәдігерлерімізді қандай-да теріс мақсатта пайдалану, мазақ ету – ұлт намысына қол сұғу, ұлттың беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, қылмыстық жауаптылықпен жазалануы тиіс».
Осылай деген мәжіліс депутаты Бас Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл бейнеролик бойынша тексеріс жүргізіп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұрады. Күні кеше Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір білдіріп, ұлттық болмысымызға сызат түсіруге жол берілмейтінін айтқан болатын.