"

Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтті. Шара барысында «Цифрлық теңге» жобасы іске қосылып, ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды.

Қаржыгерлер конгресінің панельдік сессияларында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылады. Конгресс аясында ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды. Қазақстан Ұлттық банкінің банкноталар мен монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері Санжар Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа банктонттар «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

САНЖАР НҰРҚАСЫМОВ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ «Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады».

Сондай-ақ шара барысында цифрлық теңге жобасы іске қосылды. Цифрлық теңге атаулы әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік сатып алу тиімділігін арттыру, трансшекаралық төлемдерді оңтайландыру, бағдарламаланатын төлемдерді құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақшаның бұрыннан бар артықшылықтарын біріктіреді. Цифрлық теңгені үш кезеңмен енгізу 2025 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ САРАПШЫ

Сарапшылардың сөзінше, цифрлық теңгедегі дебеттік карта ұстаушылар үшін де, сауда кәсіпорындарының иелері үшін де бірқатар маңызды артықшылықтарды ұсынады. Карта ұстаушы банктегі цифрлық теңгедегі шотқа қол жеткізе алады және онымен бірге төлемнің тағы бір тәсіліне және өз қаражатын басқаруға икемділікке қол жеткізеді.