Қазақстанда автокөлік бағасы арзандауы әбден мүмкін. Себебі,  үкімет отандық автомобиль өндірісін арттырмақ ниетте. 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол жұмыс кезең- кезеңімен іске асырылады.  Биыл  20%-ға, келер жылы – 30%-ға, ал 2026 жылы - 40%-ға көбейтіледі. «Жалпы отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жақсы, өнеркәсіп өркендеуде» -  дегені сол еді Қанат Шарлапаевтың басы дауға қалды.  

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отставкаға кетуі керек. Депутат Бақытжан Базарбек солай дейді.  Айтуынша, жауапты министр өнеркәсіпті өркендете алмай отыр. Статистикада нақытылық жоқ. Инвестор туралы ақпаратты құпия ұстауда. Депутаттарға ашық ақпарат айтпаса, демек халықты алдап отыр дейді. 

БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жүйкеңіз шыдамаса Парламентке келмеңіз. Альберт Павлович, мен министрдің жауапкершілік мәселесін көтергім келеді. Ол Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттардың ескертуін елемей отыр. Министр мырза, сіздің жүйкеңіз шыдамаса, Парламентке келмеңіз. Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беру үшін келдіңіз. Депутат дегеніміз халық. Депутаттар ыңғайсыз сұрақтар қойса да жауап беріңіз. Сіз халықтың алдында жауап беруіңіз керек».

Министрдің есебіне қарасақ, «басқа Қазақстан» деген Бақытжан Базарбектің ойын әріптесі Мұрат Әбенов те қостай кетті. 

МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Депутат Бақытжан Базарбек дұрыс айтты. Бүгін министр не үшін келді? Бұл есеп беру емес қой. Біз "Ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет" деп айтамыз. Дегенмен де Үкімет сағаты келіп, ақылдасып, проблеманы ортаға салып, бір-бірімізге шыңдықты айтатын жер ғой. Мен бостан босқа айтқан жоқпын. Өткен жылы 170 жоба іске асуы керек болды. Ол зауыттар жұмыс істеуі керек еді. Оның сегізі ғана акт бойынша іске қосылған. Бірақ бұл туралы бірде-бір ақпарат естіген жоқпыз».

Министр мәжіліске келіп, жалған ақпарат беруде деген депутаттар Қанат Шарлапаев жұмыс істей алмаса, орнын босату керек деген пікірде.

МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Барлық шекараны ашып қойдық. Ресейлік барлық зауыттар бізде қаптап кетті. Кубрей зауыты, асфальт шығарытын зауыт, цемент зауыты барлығы жабылудың алдында. Министр ол туралы бірде-бір сөз айтпайды. Бізге әдемі сұрақ беріп, күліп жауап беріп тұр. Менің ойымша күлетін нәрсе емес. Жылайтын нәрсе». 

Министр депутат Мұрат Әбеновтың сынын орынды деп қабылдаса, ал, мәжілісмен Бақытжан Базарбектің сынымен келіспейді. Айтуынша, инвестор тартуда аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Тек шет елдік емес ішкі инвесторларға да жағдай жасалу керек деп санайды. Алда, бұл айтылған пікірлер бойынша жұмыс істейміз деп уәде берді. Айтпақшы, утильалым бойынша еш өзгеріс болмайды. Утильалым құны азаяды деген бос сөз.