Алдағы үш күнде аяз күшейеді. Ауа-температурасы -25 градусқа дейін төмендейді. Республиканың басым бөлігінде қар жауады. Қардың соңы боранға ұласады деп болжайды Қазгидромет.
БАҚЫТЖАН ҚАНАТҰЛЫ «КАЗГИДРОМЕТ» РММ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК «Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады: жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды».