Енді сіз, несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті еGov мобильді қосымшасында және eGov.kz электронды үкімет порталында бере аласыз. Сонымен қатар, қосымшаны пайдалана отырып, несие мен шағын несие алуға өз атыңыздан ерікті түрде тыйым салуға мүмкіндік бар.Сервистке өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ, бұл шектеулерді кез-келген уақытта, ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алып тастауға болады.
АРАЙ УРАЗОВА«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бүгін еGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында несие мен қарыз алуға тиым салуға өтініш беру сервисі іске қосылды. Бұл арқылы біз еліміздің азаматтарын заңсыз несие алмақшы болған көптеген алаяқтардан қорғауға көмектесеміз».
Айта кеткен жөн, дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді. «Электрондық үкімет» порталында өтініш берген кезде, БКБ қызметіне жарамды өтінімнің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Мысалы, егер бұрын ол жерде сұрау болмаған болса, онда тыйым салуды орнатуға өтініш беру керек. Сұраныс болса, оған тоқтату туралы өтініш беруге болады.