Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды. Ол ұсақ бұзақылық жасаған. Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі де растап отыр. Мәліметте әншіге қатысты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша екі материал келіп түскені айтылады.
Ал Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілгенін де хабарлады. Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлама берілмек.