"
Қазақстанға алғаш рет Еуропалық Одаққа мүше 16 елден агро азық-түлік саласындағы 40-тан астам кәсіпкер келді. Іс сапар елдегі агроөнеркәсіп позицияларын нығайтуға бағытталған.
Шетелдік бизнес-делегацияны бастап келген еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войчеховскидың айтуынша, Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстан ғасырлар бойы сауда мен транзитті дамытып келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесіне айналды.
ЯНУШ ВОЙЧЕХОВСКИ ЕУРОПАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССАРЫ: «Қазірдің өзінде де, Қазақстан Орталық Азия нарығына шығуға ұмтылатын ЕО азық-түлік және сусын өндірушілері үшін негізгі қақпа. Оған қоса, Қазақстанның өзі ЕО ауыл шаруашылығы экспортының маңызды бағыты болып табылады, мәселен, тек 2023 жылы бұл экспорт 702 миллион еуроны құрады. Қазақстан сонымен қатар сауда-экономикалық қатынастарды реттейтін ЕО-мен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (EPCA) қол қойған Орталық Азиядағы ЕО-ның алғашқы серіктесі».
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын отандық кәсіпорын басшылары, шетелдік әріптестерімен тәжірбие алмасты. Әсіресе, ет пен сүт бағыты бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер заманауии технологияның қыр-сырын меңгеруді көздеп отыр.
АРМАН РЗАҚҰЛОВ КӘСІПКЕР: «Бүгінгі шараға келген басты мақсатым. Біздің қазақ халқы ет пен сүтке бай. Бізге осы салада кең дамыған мемлекеттер келіп, өздерінің жобаларын көрсетіп жатыр. Болашақта қаза елінің ет өнімін дамыту керек. Бізге мал шаруашылғын дамытуымыз керек».
2023 жылы ауыл шаруашылық өнімінің айналымы 13,4%-ға артып,1,1 млрд АҚШ долларға жетті. Қазақстанан Еуропалық Одаққа мүше елдеріне экспортталатын негізгі ауыл шаруашылығы тауарлары: бидай, зығыр тұқымдары, рапс тұқымдары, өңделген дәнді дақылдары.