10 млн теңге сыйақы мен заңсыз төлем. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы «өмірде жоқ» яки, қайтыс болған адамдар үшін сыйақы мен өтемақы алып отырған. Бас прокуратура тексеріс кезінде осындай бассыздықты анықтапты. Қазіргі күні аталмыш іс бойынша тергеу басталды деп хабарлайды прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
ДАРХАН ДҮЙСЕМБАЙ ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған».