Еліміздегі жалғыз монополист жолаушылар тасымалдайтын ұлттық компания Қазақстан Темір Жолы банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл компанияға түбегейлі өзгеріс керек. Осылай деген Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов компания жұмысымын сынға алды. Толығырақ алдағы бейнематериалда. 

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында тұр. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңгені құрады және әлі де өсіп барады. Жалпы борыштың 45%-ы немесе 1,3 трлн теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған. Активтердің жай-күйінің нашарлауы, борыштардың өсуі және олард уақытылы қайтару мүмкіндігінің болмауы басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады»

Осылай деп ҚТЖ жұмысын сынаған Жоғарғы Палата төрағасы Әлихан Смайыловқа депутаттар қарсы сұрақ қойды. 

ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Әлихан Асханұлы, сіз ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы мүшкіл екенін айттыңыз. Шыны керек, ол жағдай сіз Премьер-министр болып тұрған кезде ушығып кеткен болатын. Сондықтан сізге сыпайы сұрақ қояйын. Сол кезде неге осы мәселемен айналыспадыңыздар? Екінші сұрағым, неге ҚТЖ-ға қатысты деректер құпия деректерге жатқызылған? ҚТЖ-ға қашан қоғамдық бақылау тетігін енгіземіз? Сіздер жауып қойған қазанның ішінде жемқорлықтың көкесі жатқан жоқ па?»

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Кезінде бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, тиісті салалық министрлікке және ҚТЖ-ға тапсырма беріп, талап қойдық. Бірақ қабылданған шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып шықты. Сондықтан бұл мәселені тағы көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Аудиторлық тексеріс барысында кейбір мәліметті уәкілетті органдардан сұрадық». 

Сондай-ақ отырыста депутаттар пойыздардың уақытынан кешігуі неге жиілеп кеткенін сұрады. Оған жауапты көлік министрлігі теміржол желілерінің тозуымен байланыстырды. Айта кетсек, елімізде 57 пайыз рельстер тозығы жетіп  тұр. Сондықтан соңғы 3 жылда, тіпті 2 жылда жөндеу жұмыстарын жүргізуді көбейткен. Алайда, мердігерлер жауапсыздығынан бұл жұмыстар уақытында іске аспай жатқан көрінеді.