"

Қазақстан халқы көбейсін. Бүгін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл ақжолтай жаңалықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер желісіндегі парақшасында жазды. Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 бала болды. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында тіркелді. Үш – ұл, екі – қыз бала. Бүгін сәбилердің ата-аналарына «Отбасы банк» 2 миллион теңгеден сертификат табыс ететінін айтты.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады».

Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн. адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 22,3%-ға өсті.