Бұрын қоғам педагогика саласын қажетсіз санайтын. Мұғалім мамандығын кездейсоқ таңдайтын студенттерді жиі байқайтынбыз. Ал қазір педагог болғысы келетін мектеп түлектеріне, педагогиканы бітірген студенттерге талап күшейді. Қазір жас мамандар қолына дипломын ала сала,білім ошақтарына жұмысқа тұруға асығады.Оқу-ағарту министрлігі тарапынан сапаға көңіл бөлуде,яғни жас мамандардың заман талабына сай,жаңа технология жүйесімен білім беруге ерекше көңіл бөліп отыр.

Бүгінде мұғалім болғысы келетін жастардың қарасы көп,оған бірден-бір себеп,жоғары жалақы мен білім саласындағы жүріп жатқан жаңа реформалар.Қазіргі заман санды емес,сапаны сөйлетеді.Демек ұстаз болып жұмысқа орналасқан жас мамандардың білікті,қабілетті болуы алғы шарттардың біріне айналды.

ЖАННА ТАНЫРБЕРГЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №49 ЖББ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің білім шаңырағымызда жас мамандар жұмыс жасайды.Қазір өздеріңіз білесіздер,олардың біліктіліктеріне ерекше көңіл бөліп жатыр.Жаңадан жұмысқа орналасқан жас мамандарға ұзақ жылдық тәжірибиесі бар тәлімгермен бірлесе отырып,сабақ беру методикасын жүргізіп отырамыз.Білікті ұстаздар жастардың түсінбеген мәселесіне тиісті көмегін көрсетіп,қолдау білдіріп отырады. Сондай-ақ мектеп ішінен жас мамандарға коучинктер мен тренингтер тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады».

Алматы қалалық білім басқармасы, білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен жас мамандардың дәріс беру тактикаларын қызықты өткізуге байланысты қалалық деңгейде арнайы семинар жұмысын ұйымдастырды. Әр ауданға қарасты білім ошақтарынан жиналған жас мамандар өздеріне қажетті ақпараттар алып, ұстаздық деген ұлы мамандықтың негізгі мұратын талқылады.

САМАЛ ЕРЖАНҚЫЗЫ ЖАС МАМАН