Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түлектер күні кең ауқымды аталып өтті. Салтанатты жиын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стадионында өтті. Толығырақ тілшіміз Айгерім Есімхан баяндайды.
ҚазҰУ – армандар мен мақсаттар мекені. Ол – елімізге белгілі саясаткерлер, экономистер, белгілі ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, тарихшылар мен журналистер дайындаған алтын шаңырақ. ҚазҰУ түлектері күнінде университет қабырғасынан үлкен өмірге жолдама алған мыңдаған шәкірт өз қара шаңырағына келіп, бір-бірімен дидарласып, керемет әсермен мерекелі жиынға қатысты. Бүгінде ҚазҰУ түлектері Қауымдастығын Парламент Сенатының, Жоғарғы соттың, Конституциялық Кеңестің төрағасы, Бас прокурор қызметтерін атқарған Қайрат Әбдіразақұлы Мәми басқарады. Қауымдастық оқу орны мен түлектер арасындағы тығыз байланыстарды үйлестіреді. Университет түлектері қай салада жүрсе де, қара шаңырақпен байланысын үзбей, жастармен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.
СӘТ ТОҚПАҚБАЕВ, ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИК Қанша жыл оқып, білім алған күндер. Білім алып, болашаққа еліме отаныма жұмыс істеймін деген жастар. Жастар есейіп жатқанын көремін көремін. Ерекше мереке. Осы мерекенің арқасында. Біздің тәуекелсіз Қазақстан алға асып бара жатыр.
Әр факультет түлектері бірігіп және жекелей демеушілік жасап, университетімізге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Түлектер күніне орай ҚазҰУ-ды бітірген қоғам қайраткерлері, кәсіби мамандар өз факультеттеріне қаржылай сыйақы тарту етті. Биыл Қазақ Ұлттық университетін 6573 түлек тәмамдайды, оның ішінде 5410 бакалавр, 1163 магистрант.
АЙБЕК БЕРІКБОЛҰЛЫ, ҚАЗҰУ-ДЫҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ Бүгін міне қара шаңырақты бітіріп жатырсыздар. Бүгін міне абырой биігінде бітіріп жатырмыз. Сондықтан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің абыройы артып, мерейі үстем болсын.
ҚҰРАЛАЙ ҚҰРМАН, ҚАЗҰУ-ДЫҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ Мен ҚазҰУ-да 4 жыл активист студент болдым. Университет қабырғасында жүріп қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысқанымның нәтижесінде мен үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Менің осындай 4 жылдық естен кетпес өткені үшін, белсенді студенттерге көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін өзімнің университетім ҚазҰУ-ыма және басшылығына алғыс білдіремін.
АЙГЕРІМ ЕСІМХАН - ТІЛШІ Бүгін ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті үшін ерекше күн. Оқу орнынан 40,50 жыл бұрын түлеп ұшқан студенттер қарашаңыраққа қайта оралды! Дәл осы ҚазҰУ-дың Журфагынан 5 Ақпарат министрі, 3 облыс әкімі, Жазушылар Одағының 5-төрағасы, мемлекет басшысының 7 баспасөз хатшысы, 1 мемлекеттік хатшы шыққан.
Түлектер күніне орай Журналистика факультетінде де ерекше салтанатты шара өтті. Осыдан бірнеше жыл бұрын бітірген түлектер келіп, студенттік жылдарын еске алды.
САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ЖУРНАЛИСТ, ЭКС ҚР АҚПАРАТ МИНИСТРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ Біз осыдан 50 жыл бұрын қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген түлектері боламыз. Бүгін түлектер күніне қатысып көп мәліметке қанығып, талай жайтқа таң қалып отырмыз.Қазір университетімізде жиырма сегіз мыңнан астам студент бар екендігі мені шынын айтқанда қайран қалдырды. Соның ішінде ойып тұрып орын алатын үлкен тарихы бар дәстүрі бар факультет ол журналистика факультеті. Осы факультеттен өсіп өнген, түлеп ұшқан журналистерді, мемлекет қайраткерлерін атап жатыр, соның ішінде бізді де атап жатыр, соның барлығына разымыз, факультетімізқарыштап дамып осы жерде үлкен өмербекпен өтіп алдағы кезде де үлкен оқу орныретінде үлкен мамандарды дайрлай берсін деп тілейміз.
Мерейтойда Журналистика факультетін 1985 жылы бітірген түлектер 5 млн теңгеге – LED экран орнатса, қыркүйек айында 20 жылдық түлектер 5 жатақханаға заманауи асүй жиһазын тарту еткен. Ал 1995, 2005, 2010 жылы бітірген түлектер – БАҚ логотиптері орнатылған стендсыйлап отыр.
ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ, ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ Бүкіл әлемде әрбір факультет, университет түлегінің ұшқан ұясын қолдауы, демеуі барлық әлемде бар тәжірибе. Сол тәжірибенің аясында үндеу тастап, түлектерімізді шақырып едік. 40 жылдық түлектер Бейбіт Өксікбайұлы бастап, аудиторияға лэд экран сыйлап отыр. Біз қатты ризамыз. Осының игілігін білім алушыларымыз көреді деп қуанып жатырмыз. Жалпы Журналистика факультеті республикадағы бірден бір танымал, даңқты, әйгілі факультет. Өйткені барлық медиа менеджерлер, бас редакторлардан бөлек, мемлекет қайраткерлері осы Журналистика факультетінен шыққан.