Қарағанды облысында уланған тағы бір бала қайтыс болды. Қалалық әкімдік мәліметінше, Қарағанды ауруханаларында арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығынан балалар емделуді жалғастырып жатыр. Алайда дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанымен бір науқастың өмірін сақтап қала алмады.Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды.Орталықта 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған.Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.