Қаржы пирамидалары халықты тонауды тоқтатар емес. Биыл жыл басынан бері тоғыз айдың ішінде 2 мыңнан аса адам бар жиған тергенін алаяқтардың қалтасына салып берген. Бүгін Сенатта депутат Генадий Шиповских өз атына бірнеше кооперативтің 42 салымшысынан шағым келіп түскенін, онда азаматтар көмек сұрағанын айтты. Арзан бағада үй алып береміз деп уәдені үйіп төккендерге имандай сенген халық, бар тапқан таянғанын беріп, енді не үй, не ақша жоқ сан соғып қалған. Жалпы шығын құны 1 млрд теңгеден асады. Осы қаржы пирамидаларына тосқауыл болатын тетіктің бәрі бар, қажет десе заңда бар, бірақ неге жеңе алмай келеміз деген сенатор Бас прокуратура мұндайлармен күресті күшейту керек дейді.
ГЕНАДИЙ ШИПОВСКИХ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «2021 жылы зардап шеккендер саны – 1259, 2022 жылы – 892, ал биылғы тоғыз айда 2079 адамды құрап отыр. Аталған статистикада тек сот жәбірленуші деп таныған адамдардың тізімі көрсетілген. Бұл статистикада тек сот жәбірленуші деп таныған адамдардың тізімі көрсетілген. Қаншама отбасының шаңырағын шайқалтты».