Қарт Каспий күннен күнге тартылып жатыр. Ақтаулық мамандардың сөзінше бұның соңы экожүйенің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдай 47 жыл бұрын орын алған деседі.
Жалпы жағалау 2300 шақырымды құрайды. Оның 1400 шақырымы Маңғыстауға тиесілі. Теңіз жағалауынан өзгеріс көргендердің бірі Нұркен Тәжібай.
НҰРКЕН ТӘЖІБАЙ БЛОГЕР: «Соңғы 3 жылда Каспийді дронмен әр қырынан түсіріп жүрмін. Сартас, Кендірлі, Темір баба тұсынан кадрларға ілген сәттерімде болды. Осы жерді көргенде көңілім құлазып қалды. Былтыр бұл аумақта қайықтар жүзіп, адамдар шомылушы еді. Бұл үлкен апат. Каспийдің арнасы толу үшін барлық шараларды қарастыру керек деп ойлаймын».
Бұл жағдай тұрғындарды да алаңсыз қалдырмады. Олар үкіметтен үміт күтуде.
“2018 жылы осы жерге дейін келетін. Жыл сайын тартылып, азайып келеді. 00*24-Ақтаудың байлығы- Каспий. Шара қолдану керек Үкіметтен. Жылдан жылға азайып барады. Зерттеу керек. Аралдың күйін кешпесіне кім кепіл?”
“Осы қалада 66-шы жылдан бері тұрамын Каспийдің азайып, кейін қайта болған кезі болды. Мына түрі қорқынышты. Су жағалаудан көп алшақтап кетті. Туризмді дамытамыз десек, туристердің қамыс басқан қуаңшылыққа емес, теңізге қызығатынын ойлауымыз керек”.
Зерттеулерге қарасақ, Каспий теңізінің қазақстан секторының акваториясы соңғы 15 жылда 7 пайызға азайған. Бұл жағдай кеме қатынасына да қауіп төндіріп тұр. Себебі, судың азаюы, жауын-шашын сиреуі, су тұтынудың күрт өсуі және күннің ысуы ылғалдың буға айналуынан дейді мамандар. Дей тұрғанмен мәселенің 2 шешімі бар. Біріншісі – Каспий мен Азов теңізін қосатын Еуразия каналын салу. Екіншісі – Иран Президенті ұсынған Каспийдің оңтүстігінен Парсы шығанағына дейін канал қазу.
ОРЫНБАСАР ТОҚЖАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ЭКОЛОГ:«Мұндай жағдайда, Қазақстан Түркіменстан сияқты 5 мемлекет үшін бірден Еуропаға Атлант мұхитына шығады, былай Үнді мұхитына шығып кете алады. Теріскейге Волға өзені арқылы Ақ теңізге, Мурманскіге шығып кете алады. Шығынды жоба. Қалай болғанда да, осы жоба жүзеге аспайынша Каспий теңізін қалпына келтіру мүмкін емес».
Соңғы 150 жылда су деңгейі 5 рет түсіп-көтерілген. Биылғы деңгей ең төмені дейді ғалымдар.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Біздің тарапымыздан Каспий теңізін, ондағы проблемаларды талдау үшін институт құру жұмыстары атқарылуда. +3*03- Құрылған 3 департамент: халықаралық қарым-қатынас департаменті, білім және инновация мен су саясаты департаменті Каспий теңізі прблемасын шешу үшін тығыз байланыста жұмыс істеуі керек».
Каспий теңізі 5 мемлекетке ортақ болғандықтан,оны зерттеу шаралары айтулы елдердің келісім жобалары арқылы жүзеге асатын болады.