Қаңтардың төртінші таңы Оралдықтар үшін қайғылы оқиғамен басталды. Сырым Датұлы көшесі 52 мекенжайында орналасқан «Ризық» кафесінде болған жарылыстан ғимараттың төбесі бір мезетте опырылып, ортасына түсті. Оған басты себеп газ баллонының жарылуы,- дейді мамандар.

4 қаңтар күні сағат 02:07 шамасында төтенше жағдай қызметкерлеріне «Ел ырысы» базарының маңындағы кафеден шыққан өрт туралы хабарлама келіп түскен.Ақпарат келген бойда жедел оқиға орнына жеткен орган қызметкерлері 1 сағатқа жетпей тілсіз жауды ауыздықтадық,- дейді. 25 шаршы метрді шарпып өткен өрт 3 адамның өмірін жалмаған.

ЕРНҰР ӨТЕГЕНОВ БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ

Сондай-ақ қираған үйінділер астында адамдар болуы мүмкін екендігі де айтылды. Ал дәмханаға қабырғалас орналасқан тұрғын үйлерге айтарлықтай шығын келмеген. Бірінші қабатта орналасқан пәтер терезелерінің әйнектері ғана шағылған.

ЕРЛАН ТОҚСАНОВ БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі-Өзбекстан азаматтары, ал екеуі қазақ қыздары және жаңсақтау бөлімінде жатқан ер бала да біздің елдің азаматы екені анықталған. Зақым алғандар туралы жеке бастарын айқындайтын мәліметтер жариялануға жатпайды. Дәл қазіргі мезетте түскен мәлімет бойынша оқиға орнында тіл тартпай кеткен 3 тұрғын туралы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын жеткізді мамандар. Жарылыс орнында іздеу жұмыстары жалғасуда.