Аса қатыгездікпен, мақсатты түрде адам өлтірді деген айыпты мойындамаймын. Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмегенін айтты. Мені кешіреді деп ойламаймын, бірақ кешірім сұрау адами парызым деп сотта марқұмның туыстарынан және ата-анасынан кешірім сұрады. Нүкеновамен қалай танысқанын және жанжалдың неден туындағанын тәпіштеп айтып берді. Астанада бүгін аты шулы іске қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сотта айыпталуышыдан жауап алынды.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ ЭКС-МИНИСТР: «Мені 5 ай бойы айуан ретінде көрсетуде. Мен ұсталғаннан бастап, Салтанаттың туыстары мен ағасы белсенді "пиар" компания құрып алды. Сіздер интернеттен "көзі ойылған", "бас сүйегі" сынған деген ақпарат оқыдыңыздар. Бәрі шындыққа жанаспайды. Мен кез келген жазаны қабылдауға дайынмын. Бірақ осындай көзқарас қалыптасқаннан кейін мен өзімді қорғауға мәжбүрмін. Сіздерге өтірік айтудың ешқандай мәні жоқ. Мені 5 ай бойы айуан деді, көзін ойып алды деді. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды».