Қызылорда өңірінде жедел құтқару жасағының кинологиялық есеп топтары арасында 2024 жылғы 22-23 мамыр аралығында сертификациялық сынақ өткізілуде. Сынаққа 3 кинологиялық есеп 4 құтқарушы ит қатыстырылды.   

Жеті қазынаның бірі саналатын ит – адамның ақылды досы қызметте – жолдасы. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда он мың есе артық, ал есту қабілеті 10 есе жоғары. Сынақтың алғашқы күні голден редривер тұқымдас «Коди», неміс овчаркасы «Спартак» және бельгиялық овчарка «Яра» және  «Рапита» лақап атты қызметтік иттер тіл алу және шапшаңдылығын тексеру кезеңі бойынша сынаққа түсті.Аталған шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі арнайы қатысып, кинологтарға сәттілік тіледі.

НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Екі күнге жалғасатын шарада қызметтік иттер табиғи ортада және техногендік ортада қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділері ортасында іздестіру-құтқару кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Сынақ соңында міндеттерді мінсіз жүзеге асырған кинологиялық есептопқа сертификаттар табысталады. Осылайша  құтқарушы иттер төтенше жағдай кезіндегі кез-келген іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, адам өміріне араша түсуге мүмкіндік алады.