Жыл басынан бері Қызылорда қаласының аумағында түрлі жағдайда орын алған 10 өрт оқиғасы тіркелген, оның үшеуі автокөліктерге тиесілі. Осыған орай Төтенше жағдайлар басқармасы өрт оқиғасының алдын алу мақсатында «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!» тақырыбында рейдтік шара жүргізді. Төтеншеліктер арнайы техникамен хабарлама таратып, өртенген көлік қаңқасын артып,қала көшелерін аралады. Мақсат-қауіпсіздікті қатаң сақтауды қадағалау.
МАҚСАТ ТӨРЕМҰРАТ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТЖБ ИНЖЕНЕРІ: «Төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлерінің бірлестігімен қаламызда көлік өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде: Қазіргі таңда өртенген көлік қаңқасын қала аумағына көрсетіп,көлік тәртібін сақтамағанда қандай нәтиже беретінін көрсету. Сондықтан жүргізушілерге тек жол ережелерін сақтау керек екенін ескертеміз».