Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өңірдегі азық-түлік өнімдерінің бағаларын бақылау үшін қаладағы бірқатар ірі сауда орындарын аралады.
Аймақ басшысы осы кезге дейін әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдерін шекті бағадан асырмау, әлеуметтік дүкендер желісін көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Дегенмен, жыл басынан бері күріш, пияз, ас тұзы секілді өнімдер бойынша бағаны негізсіз өсірген 11 құқық бұзушылық анықталған. Және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов «SMALL» сауда орталығында болып, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасын көзбен көріп қайтты. Сауда сөрелерінде тұрған ұн, қант, күнбағыс майы мен көкөніс өнімдерін бағасын бекітілген тізіммен сәйкестігін тексерді.
ЕРКЕНЖЕ ТҰРСЫНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША SMALL САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ірі азық-түлік сауда орындарын аралаған өңір басшысының орынбасары «KYZYLORDA» сауда үйіне де барып, халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын саралады. Тиісті сала басшылары мен кәсіпкерлерге жергілікті өнімдерді көбейту қажеттігін қаперге салды.
Айта кетейік, бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 2092,5 тонна өнімдер мен 291,6 мың дана тауық жұмыртқасы бар. Ауылшаруашылық саласының мамандары жұмыртқаның бағасы өсуі мұмкін деп отыр. Тауық жұмыртқасының бағасын реттеу үшін жыл басынан бері 571 мың дана тауық жұмыртқасы сатып алынып, төмен бағада облыс тұрғындарына ұсынылған болатын. Аралаудан кейін, аймақ басшысының орынбасары мен азық-түлік бағасы бойынша арнайы құрылған комиссия отырысы өтті. Онда барлық азық-түлік өнімдерінің бағасымен қатар, сауда орындарымен де келісімге отырып, бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
ЕРҚАСЫМ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Айта кетейік, жыл басынан бері апта сайын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Жалпы 271 жәрмеңке ұйымдастырылып, 10,3 мың тонна өнім облыс тұрғындарына ұсынылды.