Әскерге бару – азаматтық парыз. Қызылорда қаласынан наурыз айына жоспарланған 32 жас жауынгер әскер қатарына алынды. Отан алдында ант берген жастардың игі шарасына назар аударсақ.

Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Әскери қызмет ел шекарасын берік күзетіп, тыныштықты сақтау. Мерзімді әскерге шақырту алған сарбаздардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен. Сарбаздарды бір жылдық сапарға шығарып салуға жиналған туған-туыстары ел ертеңі болар ерлерге ақ баталарын берді. 

АСАН ХУДОЯРОВ «ЗАСТАВА ТАРЛАНДАРЫ» РБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазіргі таңда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мәселен, жоғары оқу орындарында тегін білім алу, несиелері барлардың берешекті өтеу уақытын тоқтата тұру сынды жағдайлар қарастырылған. Жас сарбаздар  «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің» шекара қызметі әскери бөлімінде өз борыштарын өтейтін болады.

НҰРБОЛ АБДУАЙТ ЖАС САРБАЗ

Аталған шарада жақындары мен туыстары болашақ әскери қызметшілерге сәттілік  тілесе, қаламыздың өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, ел қорғандарын шығарып салды.