Қызылорда қаласында күйеуі қайнаған сумен әйелін күйдірген. Жәбірленушінің айтуынша бұл жағдай отбасылық жанжалдан туындаған. Опық жеген ана жергілікті полицияға арызданып, оқиғаның мән-жайы тексерілді.

Бес баланың аяулы анасы қорлық көріп, күйеуінің күндеуімен 17 жыл  өмір сүрген. Тұрмыс құрғаннан кейін ажырасуға талпынғанымен балалардың болашағын ойлаған ана, жылдар бойы жан жарасын емдеген. 4 қыз 1  ұлға ақ сүт беріп, тәрбиелеп отырған ардақты жанға жұбайының алғашқы әлімжеттігі емес. Отағасынан опық жейтін ана, кейде көршілермен көрісудің өзі ұят дейді.

ЗАРДАП ШЕГУШІ

Бұл оқиға 8 наурыз-халықаралық әйелдер күні орын алған.Даудың басы былай.
Баласы ауырғаннан емхана табалдырығын тоздырған анаға, үй тазалығына шағым айтып күйеуі жанжал бастайды.Ұрыс-керіс бес баланың көзінше, дастархан басында өршіген. Тәтті пісіріп ыстық шәй дайындаған жарына күйеуі, дастарқанмен қоса күйіп тұрған шәйнекті аударған.  

ЗАРДАП ШЕГУШІ

Қорлық көрген әйел жазыла салысымен, сот қарауына ажырасуға арызданатынын жеткізді. Елімізде осы секілді зорлық-зомбылық құрбандары күн санап артып келеді дейді мамандар. Жыл басынан бері өңірде тұрмыстық жанжал сипатында 576 өтініш қаралып, оның 64%-не әкімшілік іс қозғалған.

АЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖПҚБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны былтырғыға қарағанда 2 есеге артқан. Жергілікті полиция қызметкерлері отбасыларға прафилактикалық жұмысты жандандырып, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеп отыр.