Қыркүйектің 25-нен бастап қаланың барлық емханасында тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды, Бұл туралы Алматы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Бұл – №17 қалалық емхана.Емдом мекемесіне 86468 тұрғын тіркелген. Кешегі күннен бері екпе салдыруға келіп жатқан адамдардың қарасы көбейген. Халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынған болатын. Соның 11278-і осы емханаға бөлінген.
Мамандар екпе салуды 22 қыркүйекте қызметкерлерге салып бастаған. Соңғы 2 күн ішінде 80% қызметкер вакцинацияланған. Ешқандай кері реакциялар болмаған. 25 қыркүйектен бастап тұрғындарға тұмауға қарсы екпе егу басталған.
ШҰҒЫЛА ЖҰМАЛЫҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №17 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Оның ішінде тұрғындарды 6 жас 6 айдан бастап үлкен кісілерге де, қарт кісілерге де салынып жатыр. Бізде 3 егу бөлмесі бар. Бірінші бөлме балалардікі. Ол жекеленген. Үшінші этажда ересектерге арналған бөлме. Төртінші этажда жүкті әйелдерге арналған. Сондықтан бірін-біріне қарым-қатынас болмас үшін, әр қабат әртүрлі егу бөлмелерге бөлінген. Бұл жерде бізде стус работниктарымыз бен психологтарымыз отырады, алдын-ала тұрғындардың келісім сұрақтары мен жауаптарын алу үшін. Өтініштерін алып, қабылдап дәрігеріміз отырады алдын-ала дайындалған. Сөйтіп алгоритм бойынша, кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз».
«Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген және құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
ГҮЛЗӘУРЕ БАЙЫСБАЕВНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осы жерде тіркеудемін. Неше жылдан бері «Гриппол+» вакцинасын алып жатырмын. Медицина қызметкерлері шақырды. Келдім. Бірінші согласие толтырдым. Дәрігер қарап, тексеріп бүкіл денсаулық жағдайымды қарап, ешқандай болмағандықтан, алдым вакцинаны. 30 минут күттім. Қазір жағдайым жақсы. Енді үйге қайтып бара жатырмын».
Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.
ШҰҒЫЛА ЖҰМАЛЫҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №17 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бізде тіркелген тұрғындар, қала тұрғындарының барлығы тегін ала алады. Бізде ақылы бөлімдер жоқ ондай. Сатылмайды. Сондықтан келіп, грипп болып ауырмас үшін, балаларыңызды жұқпалы аурудан сақтау үшін келіп, Гриппол вакцинасын алуға өтініш жасап жатырмыз. Ақпараттар беріп жатырмыз. Келіп осында алуларыңызға болады».
Дәрігерлер тұмау асқынуы өлім қатеріне байланысты қауіпті екенін еске салады.Жұқпалы инфекция тез таралады.Сондықтан жақындарыңызды сақтық шарасына шақырады.