Қытай елі тыңшыларын жіберіп, диаспорадағы тибеттіктер туралы жеке ақпаратты жинап жатыр. Қытай билігі бізді қауіпті деп санайды. Бұл туралы Тибет адам құқықтарын қорғау ұйымы жариялаған баяндамада айтылған.
Қытай билігі қуғындағы диаспораға тыңшылық жасады. Мұндай айыптау Үндістанның солтүстігінде орналасқан Дхарамсала қаласынының Тибет адам құқықтарын қорғау ұйымы жариялаған баяндамада айтылған. Баяндама «2024 жыл,Тибет диаспорасының қытайлық трансұлттық репрессиясы» деп аталады. Оны Тибеттің адам құқықтары мен демократия орталығы жариялады. Ол шетелде тұратын тибеттіктердің тікелей куәгері болған тыңшылық істерін құжаттайды.
ТЕНЗИН ДАВА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ: «Олар тыңшыларды жіберіп, диаспорадағы тибеттіктер туралы жеке ақпаратты жинап, сырттағы тибет қауымдастығына еніп, содан кейін оны диверсиялайды.Қытай билігі бізді қауіп деп санайды».
Қуғындағы парламент спикернің орынбасары Қытай билігі жеке деректерді жинау мақсатында бірнеше рет компьютерлер мен электрондық пошталарды бұзғанын жеткізді.
ДОЛМА ТСЕРИНГ ҚУҒЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз кез келген әрекетпен айналысқанда, оған жауапты адамдардың электрондық пошталары бұзылады. Бірақ олар ештеңе таба алмайды, өйткені біз компьютерлеріміздегі барлық нәрселерді көпшілікке жария етеміз. Бізде жасыратын ештеңе жоқ».
Қытай коммунистік партиясы 1950 жылы алыстағы таулы Тибетке әскер жіберіп, сонда өз билігін орнатты. Ресми түрде олар мұны бейбіт жолмен азат ету деп атады. Қазіргі Далай- Лама және басқалары коммунистік билікке қарсы сәтсіз көтерілістен кейін Тибеттен қашып кетті. Қуғындағы Тибет үкіметі Үндістанда 1960 жылдан бері бар.