Жастарды қоғамға қажетті салаға бейімдеу, уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандықтарға студенттерді машықтандыру жүйесі қарқынды түрде жүзеге асып келеді.Статистикалық дереккөз бойынша құрылыс, машина жасу, дәнекерлеу істеріне қызығушылық арта бастапты. Сапалы кадр жерде қалмайды,демек жұмысқа тұру мүмкіндігі де жоғары болмақ.Алматыда білім басқармасының қолдауымен студенттерге шетелдік талаптарға сай  білім беру технологиясы қолға алынған.Соның бірі «Кайдзен» жүйесі.

ХАЙРУЛЛА БАЙДІЛДАҰЛЫ ӨНДІРІС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Кайдзен» технологиясы жастарды тікелей өндіріс орындарымен байланыстырады.Сонымен қатар неміс тазалығы мен ұқыптылығына үйретеді. Бүгінде студенттерді неміс тіліне баулып,оларды Германияға өндірістік практикаға жіберу күн тәртібіне қойылған.

БОЛАТЖАН БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ