Үй иесі пәтерін жөндегенде архитектуралық ережелерді қатаң сақтауы керек. Әсіресе, қабырғалардың тұтастығын бұзуға болмайды. Ол қолданыстағы заңға қайшы. Оның үстіне ол қауіпті. Одан бөлек, қайта жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі ержелері бұзылады, коммуналдық жүйелерді пайдалану мүмкіндігі нашарлайды. Осы норманы көп меншік иесі түсінбейді. Осылай деген сенатор Жанна Асанова бүгін депутаттық сауал жолдап заңсыз қайта жоспарлағаны үшін жазаны қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату және құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау мәселесінде, оның ішінде тұрақты тексеру жүргізуде бақылаушы органдардың рөлін күшейтуді ұсынды.
ЖАННА АСАНОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қолданыстағы заңнама көп қабатты үйлердегі пәтерлер мен үй-жайлардың иелеріне есік ауыстыру немесе бөлмелерді біріктіру барысында негізгі қабырғалардың тұтастығын бұзуға тыйым салады. Бірақ көптеген жылдар бойы коммерциялық құрылыс саласында мемлекеттік бақылау азайғаны және жоспарлы тексеруге әлі де тыйым салынғаны баршаға белгілі. Сонымен қатар, көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің иелері салынған сәттен бастап үйді қайта жобалауды бастайды және заңдастырады. Тиісінше құжаттар рәсімделеді, ал бастапқы нормативтік құжаттар кейбір заңның мұрағатында жатқаны белгілі. Үйдің негізгі қабырғасының тұтастығы бұзылған жағдайда тұрғындардың өздері сараптама жүргізуі керек, бірақ егер ол үй бірнеше рет қайта сатылған болса, онда қайта жобаланғанының заңсыздығын дәлелдеу мүмкін емес».