Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында екі жолаушы пойызы соқтығысып салдарынан 14 адам қаза тапты.
Вишакхапатнамнан Раягадаға бара жатқан жолаушы поезді әуе кабелінің үзілуіне байланысты тоқтап қалған. Бір бағытта бет алған келесі жолаушы экспрессі оған жетіп соқтығысқан. Салдарынан тоқтап тұрған пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетіп, ондаған адам жарақат алды.
БИСВАДЖИТ САХУ - ТЕМІР ЖОЛ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Зардап шеккен 50 адамның 29-ы әлі ауруханада. Қалғандары үйлеріне шығарылды».
Темір жол министрлігі алдын ала тергеуден кейін апатқа адам қателігі себеп болғанын айтты. Бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде бірінші пойыздың машинисті қозғалысты бастамаған. Еске салайық, бірнеше ай бұрын Үндістанда ауыр апат орын алып, онда 300-ге жуық адам қаза тапқан еді. Үндістанның теміржол желісі дүние жүзінде төртінші орында. Соған қарамастан инфрақұрылым өте ескі. Қазір ол жаңартылуда. Жөндеу жұмыстарына 30 миллиард доллар бөлінген.
Үндістанда пойыздар соқтығысты
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 347