"

Ұлттық парктер: экологиялық туризімнің жаңа моделі. Бүгінде еліміздің әр өңіріндегі  саябақтар абаттандырылып, туристердің сүйікті орнына айналған. Өткен жылдың өзінде аталмыш жерлерге 2 млн астам адам келген. 

Іле-Алатау ұлттық паркі Қазақстанның інжу-маржаны. Саябақ бүгінде елімізді шет елдіктерге танытып қана қоймай, туристік ортаны қалыптастырып келеді. Өткен жылдың өзінде Алматы облысының бюджетіне 7 млн теңгеден астам қаражат әкелген. 

АРҚАУ ШАНТАЕВ «ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Іле-Алатауы ұлттық паркінің даму қарқыны жоғары. Тек осы 7 айдың ішінде  475 мың турист келген. Былтырғы көрсеткіш 412 мың болған. Оның ішінде 4%-ға өсіп отыр. Ұлттық парк аумағында орналасқан 46 туристік маршруттардың абаттандыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Бүгінде 28-і абаттандырылды. Биылығы жылы осы жұмыстар жалғасын табады. 12-і туристік маршруттарды екі әкімдікпен бірлесе отырып, толық абаттандырамыз деп ойлаймыз. Жалпы көрсеткіш 46 маршруттың 87%-ын бүгінгі күнде абаттандырып қойдық». 

Тұмса табиғаттың тылсым құблыстарының мекені – қорықтар. Еркеше қорғауға алынған қорықтар мен ұлттық парктерді тамашалауға асығатын туристердің саны жыл сайын артып келеді. Еліміздегі ұлттық саябақтарға 2022 жылы 2 млн турист келсе, 2023 жылы 2,5 млнға жуық турист сапар шеккен.

ТҰРҒАМБАЕВ ДАНИЯР  ҚР ЭТРМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Туризімнің жаңа концепциясы жүзеге асырыла бастады. Оның ең бірінші тұжырымы  ауыр ғимараттардың барлығын қонақ үй солардың инфаструктурасын  ұлттық парктің шекарасына, кіре берісіне салу. Ұлттық парктің ішінде соқпақтар мен маршруттарды  абаттандыру. Дүниежүзілік қоршаған орта бойынша, қорықттың категориясы ең жоғары. Ол жерде қорық аймағының айырмшылығы ұлттық паркте жеңіл нысанды ғимараттарға салуға болады. Сондай-ақ телімдерді қысқа және ұзақ мерзімге пайдалануға беруге болады. Ал қорықтарда ондай шаруашылық жұмыстарға жол берілмейді. 

Еліміздегі ерекше қорғалатын аймақтарда туризімнің дамуы құптарлық іс. Дегенмен туристердің табиғатты таза ұстауы өзекті мәселелердің бірне айналған. Ұлттық саябақтардың  басшылары  аумақты абаттандырып, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің еркеше қорғауда екенін атап өтті.