Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Алматы облысы Қарасай ауданында орын алған шараға назар аударсақ.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. 

ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. 

ЛИЗА САДЫҚОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ

ЕРІК ШҮКЕЕВ АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады. Биыл елімізде мерекеге демалыс күндері жалғасып, қазақстандықтар Наурыз мейрамын бес күн бойы атап өтпек.