«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Ұстаз деген бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды, келер ұрпаққа тәрбие береді. Ұлағатты жандардың төл мерекелеріне арналған іс шараға кезек берсек.
Алматы облысына қарасты Талғар ауданында 43 мектеп бар,онда 52 мыңнан астам оқушы 5 мыңға жуық мұғалімдерден білім алып жатыр.Қиындығы мен қызығы мол саланың мамандары,сапалы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етуде.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Таңмен таласып жұмысына барып,кеш ауа үйіне қайтатын ұстаздар,қандай құрметке болсын лайықты. Аудандық білім бөлімі ұстаздарды ұлықтау мақсатында арнайы акцияны қолға алған.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Ұстаздарға арналған атаулы күннің шығу тарихы да қызық. 1965 жылы 29 қыркүйекте Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңес Президиумы Жарлығымен мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісі деп бекітілді. Ұстаздар күнінің әлемдік деңгейде аталып өтуіне мұрындық болған Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл күнге 1966 жыл 5 қазанда Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды.Міне осы уақыттан бері ұлы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетіліп келеді.
ӘМИНА ШҮЛЕНБАЕВА ОҚУШЫ
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп қабырғасында ұлы тұлғаның атынан шағын мұражай ашылды.Онда Алаш қайраткерінің өмір жолынан сыр шертетін маңызды құжаттардың көшірмелері,жақындарымен түскен фото суреттері қойылған.Сондай-ақ бұл жерден еліміздің өсіп-өнуіне тер төккен өзге де тұлғаларды танып білуге болады.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ