«Әже даналығы» - ұлттық құндылықтар тәрбиесінің түп қазығы» тақырыбында Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.Шара Алматы қаласындағы №40 жалпы білім беретін мектептің базасында орын алды. Зейнеп Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибесінен кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр баба Бауыржан Момышұлының өмірі, оның өсиеттері мен есте қаларлық қызықты оқиғаларымен бөлісті.

ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ КЕЛІНІ,ЖАЗУШЫ

Өскелең ұрпаққа қажетті өсиетін айта жүретін Зейнеп Ахметова Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазды. «Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», «Әзіліңді сағындық» және бала тәрбиесіне арналған «Күретамыр» туындыларының авторы. Кітапты қолына алған оқырмандар қазақы салт пен дәстүрді танып,өмірге қажетті бағыт-бағдарға қанығады.Бұл жолғы кездесудің де мәні осыда. Саналы ұрпақ тәрбиелеу дейді білім ошағының ұстаздары.

БИБІГҮЛ БЕЙСЕНБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №40 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ