Бүгінгі қазақ қоғамында Әкелердің қадірі қаншалықты? Әр отбасының тірегі болған жандарды ұлықтау мақсатында өткен «Әке жолы-ізгіліктің іздері» атты әкелер форумына арнамыздың түсірілім тобы қатысып қайтқан еді. 
 
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды деген нақыл сөз «әке» атауының қадір-қасиетін,мәртебесін,отбасында алатын айырықша орнын айшықтап асқақтатып тұр. Өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы жоғары,бала өміріндегі тұлғалық орны  ерекше болған әкелерді бүгінгі шарада зор ілтипатпен қарсы алды.

НАЗЫМ СӘРСЕБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ТАЛҒАР АУДАНЫ, БЕСАҒАШ АУЫЛЫ №29 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

ЕРНАР ЖҮНІСОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Бір отбасының көшін ілгері сүйреп келе жатқан,тәрбиесімен де тәлімімен де ұлдарына үлгі болып бүгінгі шараға  арнайы келген Айбек есімді асқар таумен тілдескен едік.

АЙБЕК МҰҚАЕВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ ӘКЕ

Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы ғана емес мейірімімен қоса қаталдығымен де ұрпақтарының бойына сенімділік қалыптастыратын,шешім қабылдай білуге,еңбекқорлыққа баулитын рухани қазына.