Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешеніндегі әжетханасының бейне ролигі тарады. Іші лас, санитарлық ережелер сақталмаған кешеннің жайы көпшіліктің ашуын туғызды. Видеодан спортшыларға арналған кешеннің тазаланбағанына біраз уақыт болғанын көруге болады. Қолқаны алатын жағымсыз иіс пен әжетхананың ит байласа тұрғысыз жайы көрсетілген.
«Мынау Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт коплексінің әжетханасы. Мынандай жағдайда тұр. Иесіз қалған әжетхан секілді. Оданда жаманы бар. Мына жаққа бармай-ақ қояық».
Осы жағдайға байланысты Атырау облысының атқа мінерлері пікір білдірді. Айтуларынша, спортшылар мен қызметкерлер аталған дәретхананы пайдаланбайды. Алдағы уақытта бұл жерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
ТІЛЕКҚАБЫЛ ЕСДӘУЛЕТОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ