Әлеуметтік желілерде қалтқысыз қызмет етіп жатқан әскери қызметшілерге қажетті заттар берілмеген деген сыбыс шықты. Бұл қаншалықты рас ақпарат? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Әлеуметтік желіде әскери қызметтегі сарбаздар қызу талқыға түсуде. Желі қолданушылар олар қажетті киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген деген сыни пікірлер айтуда. Жауаптылар ақпараттың растығына толық көз жеткізу үшін, сарбаздармен кездесті.
ҚАЛИОЛЛА САУЫТБЕКОВ СҚО ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгін осындай әскери бөлімнен келіп өздерінің міндеттерін атқарып жатқан сарбаздар. Оларды ел, үкімет, президент ұмытпаған соң жалаңа-жалаңаяқ қалды дегені бекер әңгіме деп есептейміз. Соны өз көзімізбен тексеру үшін келдік. Оның барлығы дұрыс емес екен».
Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүргендердің бірі - Қарағанды облысының тумасы Мұхтар Қорабаев. Халқына қызмет қылам деп, солтүстік өңірде өзге сарбаздармен бірге сумен күресуде.
МҰХТАР ҚОРАБАЕВ САРБАЗ: "1 апта аралығында осында болдық. Бізді қорғаныс министрлігі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Және Петропавл қаласының тұрғындары да көмек қолын созуда. Бізде түнгі смена болса қолғабымызды береді. Аяқ киімімізді тексереді, су болмасын деп".