Бұдан былай мектепке 1-ші сыныпқа қабылданатын балалар емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Оқу –ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты. Заңға осындай жаңа өзгеріс енгізілді. Себебі, емтихан тапсырту мектепке енді келген баланы күйзеліске ұшыратып, психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді мамандар. Сондықтан, заңнан бұндай норма алынып тасталды.
ҚАНЫБЕК ЖҰМАШЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл шешім неге негізділген? Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, барлық типтегі және барлық балаларға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді».
Айта кетейік, бұл өзгеріс биыл 1-ші сыныпқа баратын балаларға қатысты.