19 ғасырдың ортасында Тасманияның шығыс жағалауында өмір сүрген еуропалық қоныстанушы Кейт Митчеллдің жалғыз фотосуреті көшірмесі мұражайға қойылды.Өнертанушылардың пайымы бойынша жас ханымның өмірі мүмкіндігінше жақсы зерттелген.
Кейт қызықты оқиғалар мен шытырман оқиғалар туралы көптеген суреттер қалдырған. Хобарт бейнелеу өнері мұражайындағы жаңа көрмеде осы эскиздердің үлкейтілген көшірмелері, сондай-ақ түпнұсқа сызбалары да бар.
АНИТА ХАНСЕН ТАСМАНИЯ КОРОЛЬДІК ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Сіз қолыңызға iPhone-ды алып, көкке шыққанда немесе біреудің аттан құлап жатқанын, басқа бір керемет нәрсені суретке түсіре аласыз ғой. Сол сияқты осындай оқиғалар осы суреттерде көрсетілген».
Суреттерде Кейт пен оның әпкесі, сондай-ақ басқа отбасы мүшелері, достары бейнеленген. Ол суреттер Австралиядағы еуропалық әйелдердің өмірі бұрын бәрі ойлағандай тыныш, беймарал болмағанын көрсетеді.
ДЖЕЙН ГИБЛИН СУРЕТШІ ЖӘНЕ КӨРМЕ КУРАТОРЫ: «Бұл суретте ол юбкасымен тастардан өтіп, өзеннің арғы жағында жатқан бөренеге қадам жасайды. Мен үшін бұл сурет Кейттің кім болғанын көрсетеді».
Қылқалам шебері Джейн Гиблин өзінің суреттерін Кейт салған суреттердің негізінде жасаған.
ДЖЕЙН ГИБЛИН СУРЕТШІ ЖӘНЕ КӨРМЕ КУРАТОРЫ: «Мен оның жұмысынан идеялар алдым. Содан кейін сол оқиғаларды елестеткенімдей суреттедім».
Кейт Митчелл шытырман оқиғалы өмір сүріп, жас кезінде қайтыс болды. Оның себебі әйел организміндегі паразиттік инфекция болды. Қазір бұндай ауруларды емханалардағы дәрігерлер емдей алады. Ал, бұл әйел осы аурумен азаптанып дүние салды. Бұл сол жылдардағы адамдар өмірінің тағы бір тарихи айғағы. Кейттің әпкесі оның суреттерін жинап, оларға сипаттама берді. Австралиядағы еуропалықтардың отаршылдық өмірі туралы кітап осылай пайда болған болатын.