Мыңдаған қазақстандықтарды құмар ойынға тартқан «1WIN» (уанфин) казиносының ұйымдастырушыларына іздеу жарияланды. Іздеу жұмыстары халықаралық деңгейде жүреді. Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған казиноның жалпы айналымы былтыр 4 млрд теңгені құраған. Бұл ұйым тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойынға қатысуына рұқсат беріп келген.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді. Сондай-ақ Агенттіктің «АФМ Insider» телеграм-ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауыңызға болатынын естеріңізге саламыз».