2024 жылы қандай ғарыштық маңызды оқиғалар күтілуде? Алдағы жылға арналған жоспарларға шолу жасасақ.

Dream Chaser ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанады. Бұл Шаттлдың мұрагері, бірақ төрт есе аз. Оның басты артықшылығы – арнайы салынған ғарыш айлағы мен ұшыру алаңдарына қонуы.

МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Dream Chaser орбитаға шығарылады, ол ХҒС-на жүк жеткізеді. Болашақта ол туристік рейстер жасайтын шығар».

Келесі жылы дебют жасайтын тағы бір ғарыш кемесі - New Glenn зымыран тасығышы. Ол Жер орбитасына құралдар мен кемелерді шығаруға арналған.

Американдық ұшақ шығаратын алпауыт Boeing де өзінің қайта пайдалануға болатын Starliner капсуласын басқаратын алғашқы сынақтарды өткізбекші. Ол ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына тасымалдауға арналған.

МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Көктемде, мүмкін сәуірде, Boeing оны NASA-ның екі астронавты, бортындағы сынақ ұшқыштарымен бірге жібереді, оларды ғарыш станциясына қысқа сапарға апарады, содан кейін оларды қайтарады деп үміттенемін».

Еуропалық ғарыш агенттігі Ariane 6 зымыран тасығышын Ariane 5-тің соңғы ұшуынан кейін шамамен бір жыл өткен соң маусым немесе шілде айларында ұшырады деп күтілуде. Сәтті болса, Еуропа Француз Гвианасындағы ғарыш айлағынан тағы да ғарыш есігін ашады. Бұдан былай SpaceX сияқты компанияларға тәуелді болмайды деген сөз.

Ал қазан айында NASA Юпитердің серігі Europaны зерттеуге арналған Europa Clipper ғарыш аппаратын ұшырмақ.

МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Еуропаны соншалықты қызықты ететін нәрсе - оның мұзды қабықшасының астында ғалымдар жер асты мұхиты бар екеніне сенімді».

Жыл Артемида II деп аталатын миссияда Айдың айналасында адамның ұшуымен аяқталады. Бірінші ұшу ұшқышсыз болды. Ол 2022 жылдың соңында өтті.

МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Үш американдық және бір канадалық төрт ғарышкер- бұл жолы Орион капсуласында Айды айналып ұшып, содан кейін оралады».

Одан кейін спутникке ұшу және оның бетіне қону жоспарлануда. Бұл 2025 жылы жүзеге асырылмақ.