2030 жылға қарай Қазақстанда энергия тапшылығы орын алады. Бүгіннің өзінде энергияға деген тәуелділік артып, қуат көзін жеткізу қиындап барады. Егер электр энергиясы болмаса, күллі экономика зардап шегеді. Өнеркәсіп құлдырайды. Оны шешудің бір жолы- атом электр станциясын салу. Бүгін Астанада Сілтеме баспасөз клубында өткен жиында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев осылай деді.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

«Семей палигон қиыншылығын көргендер бар, Курчатовты білетін адамдар бар, солар шатастырып жатыр, ядролық палигонмен АЭС шатастырып жатыр. Біздікі суды пайдаланады. Ол өте қауіпсіз . Екінші жақ көмір отынының лоббистері АЭС көмір отынының бәсекелесі. Бұл бізге бүгінгі күні ең басты энегрия қауіпсіздігіміздің басты көзі екенін халыққа жеткізуіміз керек».

Жиынға қатысқан сарапшылар мен ядролық физика институтының мамандары болса, Алматы облысы Үлкен ауылында салынатын атом электр станциясы қауіпсіз деп отыр. Айтуларынша, ол СО2 көмірқышқыл газын бөлмейді, Балқаш көліне де еш зияны тимейді. Себебі, одан мүлдем су алынбайды дейді ғалымдар. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан халқына жолдауында АЭС-тың салыну, салынбауын халық референдум арқылы өздері шешеді деген болатын.