"

Кісі өлтіріп, адам тонағандар мен есірткі сатқандар. Жыл басынан бері 3 айдың ішінде Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады. Мұндай ауыр қылмыс жасағандарды құрықтау үшін Қазақстан Халықаралық интерпол көмегіне жүгініпті. Қазақстан аумағында қылмыс жасағандар Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерден  табылып, елге жеткізілген. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты. 

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ ҚР ІІС КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған».