3 қыркүйекке қараған түні Алматының орталығында атыс болды. Оқиға әл-Фараби-Назарбаев көшелерінің қиылысындағы Sunset мейрамханасында түнгі сағат 00.30 шамасында орын алған.Куәгерлердің мәліметінше, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Салдарынан мейрамханаға келген екі адам зардап шекті. Оқ бірінің асқазанына, екіншісінің аяғына тиген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас түскенін хабарлады.Дәрігерлер оның жағдайы қазір тұрақты екенін айтты.
ҒАЛЫМЖАН ПІРМАҒАМБЕТОВ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Екеуі де бір жерден жеткізілді. Жағдайлары жеткізілген кезде біреуінікі ауыр жарақат болды. Ішіне оқ тиген және қолына оқ тиген. Бірден міндетті түрдегі операцияға жедел түрде берілді. Екі күн реанимацияда жатып отделенияға көшірілді. Жағдайы бірқалыпты. Екіншісі келген кезде орта жағдайда келді. Маңдай сүйегі сынған,балтырына оқ тиген. Бірден нейрохирургия бөліміне жатты. Операцияға қарсы арыз жазған. Бүгін келісімін берді,ертең отаға алынады. Екеуінің де өміріне қауіпті нәрселер жоқ. Жағдайлары бірқалыпты».
Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел тергеу тобы барды.Бұл дерек Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел тексеру, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі қамауға алынды.