Қазақстандық бренд “Almotor” компаниясы Қытайдың алпауыт топ бестігіне кіретін Lifan компаниясының серіктесі атанды. Компания әлемнің 117 еліне техника сатумен айналысады. Орта азиядағы Өзбекстан,Ресей мемлекеттерінде серіктестері бар компанияның ендігі серіктесі еліміздегі  “Almotor” компаниясы болып отыр.

НҰРМҰХАМЕД РӘДІЛ “ALMOTOR”  КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Келісімшарт бір жылдың аралығында жүргізілген. Қытай еліндегі коорпорация президенті өз кезегінде қолдау білдіріп, инвестиция салатынын білдірген.

TAO YUAN  LIFAN TECHNOLOGY (GROUP) CO.LTD БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біз  Lifan компаниясының өкілдеріміз. Бұл жолғы келу мақсатымыз Қазақстандағы “Almotor” компаниясымен серіктестік орнату. Мотоцикл саласына  үлесімізді қосып, жақсы деңгейге көтергіміз келеді. Қазақстандық “Almotor” компаниясымен бірігіп жұмыс атқаратынымызға қуаныштымыз».