"

Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамның белді мүшесі.Оларға жалпыға ортақ жағдай жасау,мемлекетіміз алдындағы маңызды міндеттің бірі. Бүгінде ерекші білімді қажет ететін жастарды кәсіпке үйрету мақсатында инклюзивті білім жүйесі жұмыс жасайды.  «Jas Skills Almaty» өңірлік кәсіби чемпионатына кезек берсек.

Ерекше білім беруді қажет ететін жастардың қабілеті ерекше.Тек дұрыс бағыт-бағдар беру маңызды. Алматы технология және флористика колледжі осы бағытта қызмет жасайды. Қазіргі уақытта Инклюзивті білім беру бөлімінде 195 студент бірнеше кәсіп бойынша білім алып жатыр. Олардың таңдаған саласына ынтасын арттыру мақсатында осындай чемпионаттарды жиі өткізіп тұрады. 

МАРЖАН ЖҰМАНБАЙ АТФК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Чемпионат «Тігінші», «Флорист», «Жиһаз» және алғаш рет «Аяқ киім жөндеу» құзіреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Шараға белсенді қатысқан жастар, келешектерін осы оқу орнымен байланыстырғылары келетіндіктерін алға тартты.Оларға тегін оқуға арнайы сертификаттар берілді.

АҚНҰР АРАЙҚЫЗЫ  «Мен құлағы нашар еститін мекемеде білім алып жатырмын. Келешек арманым тігінші болу. Осы жерден дәріс алып,сапалы маман болғым келеді. Қазіргі таңда сүйікті кәсібіңді ашып, жұмыс жасауға мүмкіндік мол,сондықтан танымал дизайнер болу негізгі мақсатым».

ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ «Маған бұл жер ұнады.Келешекте етікші болғым келеді. Менің осы салаға қабілетім бар».