Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар алтын санын бүгін сегізге жеткізді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Джиу-джитсу сайысында финалға шыққан Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта Біріккен Араб әмірлігінің өкілі Мохаммед Аль-Суваидимен күресті. Қазақстандық спортшы қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.
Осылайша алтын қорын жетіге жеткізген. Көп ұзамай қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды. Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.
Сонымен қатар қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Ол топтық жарыста 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.