Алматыда соңғы бір ай аралығында 7400-ден аса жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев айтты. Сөзіне сүйенсек, бұл 23 қаңтар күні қала халқын түн ұйқысынан оятқан қатты жер дүмпуінен кейінгі тіркелген көрсеткіш көрінеді.
“23 қаңтар күні Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған күшті жер сілкінісінен бері 7406 жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар оның 16-ын сезді”, - дейді Дәулет Сәрсенбаев.
Сондай-ақ, ол жер асты дүмпуі әлі тіркеліп жатқанын да айта кетті.