Елімізде жол саласы жұмысшыларының айлығы көтеріледі. Осылайша ұзаққа тұрақтамайтын кадр мәселесін оңалту көзделіп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Закон.кз-тің жазуынша бүгінде жол саласындағы жұмысшылардың айлығы аз болғандықтан білікті маман тұрақтамайды. Ал елде жыл сайын 10 мың шақырым жол жөнделеді екен. Оның 3 мың 600 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті жолдар.
"Келесі жылдан бастап әкімдік өз есебінен 15 пайызға көтеру жоспарлап отыр. Екіншіден ол кісілер аудандарда тағы да бір қосымша жұмыс алып, соның есебінен тағы да ақшасын көтереміз деп отыр. Үшінші мәселе біздің өзіміздің әрбір жолға бөлінген ақшаны келесі жылы көтеріп, нәтижесінде айлығын көтеруге тырысатын боламыз”, - деді министр.