Елімізде көлік саны 5 миллион межесінен асқан. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бюро мәліметінше, 2023 жылғы шілдеде 169,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артық. 

Оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 миллион 15,2 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.