Елімізде биыл жыл басынан бері бүгінге дейін 88 мың неке тіркелген. Мұндай мәліметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Неке саны бойынша Алматы қаласы айқын көш бастап тұр — осы кезеңде мұнда 14 254 жұп некесін ресми түрде қиған.

Екінші орында — Астана қаласы, онда 10 142 жұп өмірін бір арнаға тоғыстырған.

Үшінші орын Түркістан облысына тиесілі — мұнда 6 687 неке тіркелген.

Ал топ-5-ті мына өңірлер түйіндеді: Шымкентте 5 570 неке, Қарағанды облысында 5 394 неке тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстандықтар арасында этносаралық некелер саны артып келеді. Сондай-ақ некеге мәжбүрлегендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.